Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту

Мектептегі іс-шаралар

Автор: admin от 20-11-2018, 12:12, посмотрело: 53

0
 
 
 
 
 

Категория: Мектеп

 

Автор беті

Автор: admin от 20-11-2018, 11:45, посмотрело: 58

0
 
 
 
Аты - жөні: Смат Нұрбек  Нұрланұлы
 
Туған жылы: 01.10.1993 ж
 
Пәні: Ифнорматика пәні мұғалімі
 
Ұялы телефон:  8702-043-59-13
 
Электронды почта:  nurbek_01_93@mail.ru

Категория: Мектеп

 

Мектеп ұжымы

Автор: admin от 20-11-2018, 11:39, посмотрело: 59

0
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Категория: Мектеп

 

Мектеп әкімшілігі

Автор: admin от 20-11-2018, 11:11, посмотрело: 83

0

Категория: Мектеп

 

Бейнебаян

Автор: admin от 20-11-2018, 10:55, посмотрело: 52

0

Категория: Мектеп

 

Қазақстан Республикасының рәміздері

Автор: admin от 20-11-2018, 10:53, посмотрело: 67

0

Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Туы:


Қазақстан Республикасының туы

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы – ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата. Тудың сабының тұсында ұлттық өрнек тік жолақ түрінде нақышталған. Күн, оның шұғыласы, қыран және ұлттық өрнек бейнесі алтын түстес. Тудың ені мен ұзындығының арақатынасы – 1:2
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік туының біркелкі көгілдір түсі бірігу идеясын білдірумен қатар, әрқашанда бейбітшіліктің, тыныштық пен жарқын болашақтың белгісі саналатын бұлтсыз ашық аспанды еске салады.
Геральдика тілінде көк түс пен оның реңктері адам бойындағы адалдық, тазалық, үміт сияқты қасиеттеріне сәйкес келеді. Шұғылалы алтын күн тыныштық пен байлықты бейнелесе, дала бүркіті қазақстандықтар ұғымында дарқандық пен қырағылық, биіктік белгісі.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік туының авторы суретші Шәкен Ниязбеков.




Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Елтаңбасы:

 

 

 

Қазақстан Республикасының Елтаңбасы


Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы – дөңгелек нысанды және көгілдір түс аясындағы шаңырақ (киіз үйдің жоғарғы күмбез тәрізді бөлігі) түрінде бейнеленген, шаңырақты айнала күн сәулесіндей тарап уықтар шаншылған. Шаңырақтың оң жағы мен сол жағында аңыздардағы қанатты пырақтар бейнесі орналастырылған. Жоғарғы бөлігінде – бес бұрышты көлемді жұлдыз, ал төменгі бөлігінде «Қазақстан» деген жазу бар. Жұлдыздың, шаңырақтың, уықтардың, аңыздардағы қанатты пырақтардың бейнесі, сондай-ақ «Қазақстан» деген жазу – алтын түстес.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасының негізіне шаңырақ алынған. Ол елтаңбаның жүрегі іспеттес.
Шаңырақ әлемнің біртұтастығын, мемлекеттің бастауы отбасы ошағын бейнелейді. Қанатты тұлпар мәңгілік өмір, шексіз даму және Қазақстан секілді бір шаңырақ астында өмір сүріп жатқан халықтардың рухани байлығының белгісі. Қанатты тұлпар болашаққа үміт артар жас ұрпақтың арманы, самғау биігі.
Елтаңба төбесінде бес бұрышты жұлдыз бар. Әр адамның өмірінде жол көрсетер өз жұлдызы болады. Мемлекеттің де осындай жұлдызы болуы керек.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік елтаңбасының авторлары сәулетшілер Шота Уәлиханов пен Жандарбек Мәлібеков.



Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Гимні

 

Сөзін жазғандар:

Жұмекен Нәжімеденов

Нұрсұлтан Назарбаев

 

Әнін жазған:

Шәмші Қалдаяқов

Алтын күн аспаны,

Алтын дән даласы,

Ерліктің дастаны,

Еліме қарашы!

Ежелден ер деген,

Даңкымыз шықты ғой.

Намысын бермеген,

Қазағым мықты ғой!

 

Қайырмасы:

Менің елім, менің елім,

Гүлің болып егілемін,

Жырың болып төгілемін, елім!

Туған жерім менің – Қазақстаным!

 

Ұрпаққа жол ашқан,

Кең байтақ жерім бар.

Бірлігі жарасқан,

Тәуелсіз елім бар.

Қарсы алған уақытты,

Мәңгілік досындай.

Біздің ел бақытты,

Біздің ел осындай!

 

Қайырмасы:

Менің елім, менің елім,

Гүлің болып егілемін,

Жырың болып төгілемін, елім!

Туған жерім менің – Қазақстаным!

 

 

Категория: Мектеп

 

Ата-аналарға

Автор: admin от 20-11-2018, 10:50, посмотрело: 49

0

Құрметті ата-аналар назарыңызға бала тәрбиесіне жағымды әсерін тигізетін пайдалы кеңестер ұсынамыз:


§Көңіл күйіңіз болмай тұрған кезде ешқашан да бала тәрбиесімен айналыспаңыз. Өз балаңызбен тығыз қарым-қатынас орнатуға тек қана Сіздің көтеріңкі көңіл күйіңіз, оң көзқарасыңыз ғана әсер етеді.

§Тәрбие сатылы деңгейде жүргізілгені дұрыс. Әр биікке өз уақытында, біртіндеп көтеріліп отырған дұрыс.

§Бала – біздің айнамыз. Олар ең алдымен ата-анасынан үлгі алатынын және көп жағдайда біз өмірде қандай қадамдар жасасақ, олар да сондай қадамға баратыны есіңізде сақтаңыз.

§Балаңызбен әңгімелесу нәтижелі болуы үшін, ең алдымен ашық жарқын сенімге құрылған риясыз әдісті таңдаңыз. Сіздің сөздеріңіз қатал естілуі мүмкін, бірақ ешқашан да ауыр әрі өрескел болмауы керек. Ақырын әрі сенімді айтылған әңгіме ғана ата-ананың талаптары мен ойларын балаға жеткізе алады.

§Балаңыз үшін керек уақытта қажетті ақыл қосатын, оның қадамдарын айыптамайтын ең жақын досына айналыңыз.

§Өзін және оны қоршаған адамдарды жақсы көруге үйретіңіз. Бұл оны өзіне өте сенімді адам ретінде қалыптастырып, қоршаған ортамен байланысын жолға қоюға көмек береді.

§Бір мезетте қатал да мейірімді бола біліңіз. Егер сіз балаңызға деген ыстық ықыласыңызды үнемі білдіре отырып, тек керек уақытында ғана ұрсатын болсаңыз, онда бұл сіздің тәрбиеңіз барысында міндетті түрде жемісін береді.

§Оған өмірдегі өз ұстанымына тұрақты болуды үйретіңіз.

§Баланы әр кезде оның көзіне қарап тұрып, мұқият тыңдаңыз, өйткені тек сол сәтте ғана оның ішкі жан дүниесі мен алаңдатқан мәселеге сіздің бей-жай қарамайтыныңызға сенімі болады.

§Өзіңіздің бос уақытыңызды үнемі балаңызбен өткізуге тырысыңыз. Ондай сәттер баланың өзіндік орнын сезініп өсуге мүмкіндік береді.

§Жанжалдасқан күйі екі жаққа бөлініп жүре беруге болмайтынын ұмытпаңыз, ең алдымен балаңызбен татуласып алыңыз, содан кейін ғана өз жұмыстарыңызбен жүре берсеңіз болады.

§Әр уақытта оған қажет болғанда үйде болғаны қандай жақсы екенін жадына салып, мақтап отырыңыз, себебі ол өзінің қажеттігін түсініп, үнемі үйге асығатын болады.

§Өзінің жақсы адам екенін ескертіп отыру керек, алайда, басқалардан артық емес екенін естен шығармай, айтып отырған жөн, себебі оның тым тәкәппар және екіжүзді болып өспегені жақсы.

§Оның таңдауы мен пікіріне құлақ түріңіз. Тіпті сіз онымен келіспейтін болсаңыз да, оны еш уақытта сынамаңыз.

§Оны өз қадамдары үшін жауап беруге үйретіңіз. Оның өзін емес, әруақытта жақсы қадамын бағалап, егер ол дұрыс емес жасаған болса, қателігін көрсетіңіз, оның орнында өзіңіз болғанда былай істер едім деп, таңдау және шешім қабылдау құқығын оның өзіне қалдырыңыз.

§Еш уақытта оның осыған дейін жасаған қателіктерін еске алмаңыз. Болған нәрсенің барлығын өткен күнге қалдырыңыз.

§Оған тым қатты талап қойып, ұзын-сонар ақыл-кеңес айтудан аулақ болыңыз, оның жанын жаралайтын немесе намысына тиетін ащы әзіл не теңеулер, әжуа айту еш уақытта дұрыс болмайды.

§Егер сізді оның мінез-құлығы ренжітсе, бұл жайлы өзіне айтыңыз. Бұндай кезде оның тәртібін талқылымаңыз, тек өзіңіздің көңіл-күйіңіз туралы айтыңыз.

§Шектен тыс бақылауды азайтыңыз, бұл көп жағдайда табыс әкелмейді.

§Ол ақтай алмайтын үмітті, көтере алмайтын жүкті оған артпаңыз. Бастапқыда өзіңіз одан не талап ететініңізді анықтап алған жөн. Содан соң барып, міндетті түрде оның не қалайтынын біліңіз, ұстаным жасауға тиіс аса маңызды жағдайлар бойынша міндетті түрде келісімге келуге ұмтылған дұрыс.

§Әңгіме барысында оның маңызын жоғалтпау үшін көпсөзділіктен арылу керек.

§Сіздің баланы мәжбүрлеуіңіз тым нәзік, жан-жақты әрі жалғаспалы сипатта әсер ететіндей болуы керек.

§Әр уақытта баламен үлкен адамдарша, оны кішірейтіп, еркелетер сөздерді барынша аз қолдана отырып сөйлескен абзал.

§Даулы мәселелер орын алған жағдайда бала өзін үнемі қателесуші ретінде сезінбес үшін оған жол беріңіз. Бұл арқылы сіз балаңызға біреуді кешіруді, өз қателігін түсінуді, жеңілістер мен қателіктерді мойындай білуді үйреткен болар едіңіз.

§Оны ақылы, таланты, сұлулығы немесе тума дарыны үшін емес, қарапайым ғана оның осылай бар болғаны үшін ғана жақсы көріңіз.

§Есіңізде болса, балаға үш негізгі қасиетті дарытуға міндеттісіз: шешім шығару, құрмет, жауапкершілік. Қандай жағдай болса да, еңсесін тік ұстайтын, жан-қоршаған адамдарына құрметпен қарайтын және өз қадамдары үшін жауап бере алатын адамдар көп жағдайда табысқа жететіні белгілі.

Егер сізге шын мәнінде жақсы, жауапкершілігі жоғары, бәріне сыйлы, табысты азаматты тәрбиелеуді көздесеңіз, ешқашан өзіңізді кінәлап, өкінішке ұрынбас үшін, бар мүмкіндікті қолдануға тырысыңыз, бәлкім сонда ғана сіз өз перзентіңізбен мақтана алатын боласыз.

 


Категория: Мектеп

 

Оқушыларға

Автор: admin от 20-11-2018, 10:43, посмотрело: 48

0

Мұғалімдер мектеп оқушыларының оқуға деген ынтасын қалай арттыруына болады:

1. Жартылай таңдау жасауға ерік беру.

2. Қызығу және қуану мектеп оқушысының оқу процесіндегі негізгі көңіл-күйі болуы тиіс.

3. Оқыту барысында балалардың қажеттіліктерін, қызығушылықтары мен ұмтылыстарын ескеру керек.

4. Оқытудағы ең мықты ынталандыру – «Қолыңнан келді!!!». Бұлайша ынталандыру болмаса, оқытуда мән де жоқ. Баланы өзіне не түсініксіз екенін аздан бастап түсінуге үйрету керек. Бір үлкен тапсырманы бала өзі орындай алатын бірнеше кішкентай тапсырмаға бөліп тастау керек. Бала қандай да бір іс-әрекетте шеберлікке жетсе, оның ішкі ынтасы арта түседі.

5. Баланың өз-өзіне, өз күшіне деген сенімінің артуы оның ішкі ынтасының күшеюіне ықпал етеді.

6. Баланың жетістіктерін атап отырыңыз. Оның жетістіктерін бағалау оқытуды жалғастыруға көмектеседі. Мысалы, қол жеткізген табыстарының тізімі оның дербес болуына ықпал етуі мүмкін.

7. Сәтсіздік үшін жазалаудың керегі жоқ, сәтсіздіктің өзі – жаза. Үрей мен қысылу оқыту процесін қиындата түседі. Сәтсіздіктер ынтаны азайтады.

8. Мектеп оқушылары үшін мұғалім тұлғасының өзі маңызды (тіпті қызықсыз материалдың өзін сүйікті мұғалімі түсіндірсе – жақсырақ меңгеріледі).

9. Оқу материалының мазмұнын қызықты етіп, дұрыс ұсына білу керек.

10. Оқытудың әдістері мен тәсілдерін өзгертіп отыру қажет.

11. Мүмкіндігінше сабақта әр оқушыға жиірек қарап, «кері» байланыс орнатып, түсінбегенін түсіндіріп, қате түсінгенін түзетіп отыруға тырысыңыз.

12. Оқушыға бір жауабы үшін емес, бірнеше (сабақтың түрлі кезеңдерінде) жауабы үшін баға қойыңыз – сабақ бағасы түсінігін қайта енгізіңіз.

13. Баланың танымдық қабілетіне негіз болатын қасиеттерін: реакциясының шапшаңдығы, жадының барлық түрлері, қиялдай білуі, т.б. үнемі әрі мақсатты түрде дамытып отырыңыз. Әр мұғалімнің басты міндеті – жай үйретіп қана қоймай, өз пәні арқылы баланың ойлау қасиетін жақсарту.

14. Мүмкіндігінше, өз пәнінің тақырыптарын өзге пәндермен байланыстыра отырып, оқушының дүниетанымын кеңейтіп, білімін байытып отыруға тырысу керек.

15. Қолда бар тәсілдердің бәрімен оқушылардың бойында оқуға деген қызығушылық тудыруға тырысыңыз – өзіңіз терең болыңыз, ақпаратты ұсыну әдістерін, өз пәніңізді қызықтырақ етіңіз.

16. Ойын – қоршаған ортаға деген қызығушылықты күшейтетін қуатты құрал. Ойын кішкентай баланың ғана ісі сияқты көрінеді. Алайда, тәжірибе көрсеткендей, ойынмен ынталандыру орта мектеп оқушылары үшін әсіресе тиімді. Кішкентай балаларды басқару оңай, үлкеніректері – ересектеу әрі мақсатқа ұмтыла алады. Ал орта мектеп жасындағыларды әлдебір азарт, шабытпен игеру керек. Баланың түрлі жас ерекшеліктері түрлі ойындарды қажет етеді. Бұл – адам есейген сайын оның психикасында қалыптасатын жаңа түзілістермен байланысты. Жас балалардың ойыны желілі, орта кішкентай жастағылардың ойыны – командалық, үлкен орташа жастағылар әрбір әрекетімен тұлғасын танытады, ал жоғарғы сыныптағылар үшін бейтаныс бейнелерді, шындықтың қызықты да айрықша үлгілерін ойнатып, қалпына келтіру маңызды бола түседі. Әр жастағы бала ойыннан өзіне керегін табады, тұтастай алғанда ойын әрекеті адам тұлғасының, оның ойлауы мен білімдерінің қалыптасуына үлкен ықпал етеді.

17. Оқушылардың бәрінің күші жететін тапсырмаларды орындау арқылы табысқа жету жағдайын туғызу, жаңа материалды бұрыннан бар білімдерге сүйене отырып үйрету.

18. Сабақта бір-біріне сенім арту, серіктестік ахуалын орнату, мұғалімнің жарқын бейнесі арқылы жағымды көңіл-күй қалыптастыру.

19. Өз әрекеттеріне, өзгелердің әрекетіне, әрекетінің нәтижелеріне баға беру, көп нұсқалы жауап талап ететін сұрақтар (мысалы, «Неге қиын болды?», «Сабақта қандай жаңа нәрсе білдің?», т.б.) арқылы рефлексияға жетелеу.

20. Музыкалық фрагменттерді, ойын және жарыс элементтерін қолдану, әзіл-қалжыңға да орын беру арқылы сабақтың қызықты, ерекше болып басталуы.

21. Топ болып жұмыс істеуді ұйымдастыру, ойын және жарыс элементтерін қолдану, бір-бірінің білімін тексерту, сұрақтың жауабын бірлесе отырып іздеу, «байқап, қателесіп көру» тәсілі, бір-біріне көмек көрсетуі арқылы оқушыларды ұжымдық әрекетке араластыру.

22. Материал ұсынудың ерекше формасы.

23. Мәселені ортақтасып отырып шешу, танымдық әңгіме жүргізу, пікір жарыстыру, пәндердің маңызды сипаттарын бөліп қарастыру, жіктеу, жалпылау, үлгілеу арқылы сабақта серіктестік орнату.

24. Бағалау, ризашылық білдіру, сөзбен мадақтау, үздік жұмыстардың көрмесін ұйымдастыру, мұғалім болмашы көмек көрсетуі, тапсырмаларды қиындату арқылы әрекет жасауға итермелеу, қамшылау.

25. Оқушы ынтасының төмендігіне не себеп екенін анықтау: оқи алмайды ма әлде тәрбиесінде қате бар ма? Содан кейін мәселелі жақтарымен жұмыс істеп көру керек.

26. Баланың оқу процесіне деген қызығушылығын арттыру ісінде баламен байланыс орнату және сенімді ахуал қалыптастырудың маңызы зор.

27. Алдыға ұмтылу, оптимизм ахуалын қалыптастыру және балалардың өз қабілеті мен мүмкіндіктеріне сенуіне жағдай жасау.

28. Жаңа ақпараттық технологияларды қолданыңыз.

29. Ойын – оқушылардың жаңа үйренетін материалға және орындалатын жаттығулардың алуан түрлілігіне деген қажеттіліктерін қанағаттандыратын ең күшті ынталандырушы фактор. Ойнау, атап айтқанда, рольге бөлініп ойнау, оқыту процесін белсенді етуге үлкен мүмкіндіктер ұсынады.

30. Әр баланың тұлғасына құрметпен қараңыз.

Пікір жазғанда оқушылардың сабақтағы ынтасын арттыру жөніндегі өз кеңестеріңізбен бөлісе аласыздар.

Категория: Мектеп

 

Мектеп тарихы

Автор: admin от 20-11-2018, 10:40, посмотрело: 65

0


MEKТЕП ТАРИХЫ
Аманкелді мектебі өзінің тарихын сонау кеңес заманында бастаған екен. Алғашқы мектеп ХХ-жылдық учаскесінде Ибраев деген кісінің басшылығымен 3 жылдық білім ордасы болып ашылған. Оның алғашқы түлектері 1930 жылғы азаматтар. Олардан қазіргі таңда барлары: Алтынбеков Сүйіндік, Шырынханов Құрманхан, Алданов Мырзабек, Төребай, Әли т.б. Кейіннен бұл мектеп 7 жылдық сатыға көшті. 7 жылдықты бітірген түлектер Атакент қалашығына барып, оқуын жалғастырды. Ибраевтан кейін бұл мектепті Исахов Оразбай деген кісі басқарады. Яғни, 1954 жылға дейін. 1954 жылдан біздің мектебімізге Ұлы Отан соғысының ардагері, Еңбек Қызыл ту орденінің иегері Оспанов Әшімхан басшылыққа келеді. Оспанов Әшімхан мектепке басшылық жасаған тұста, мектеп ғимараты 3 мәрте өзгертіледі. Содан 1984 жылы 14 қарашада қазіргі оқып білім алып жатқан ғимарат қолданысқа беріледі. Сол жылдары 1984 жылы Оспанов Әшімхан зейнеткерлікке шығуына байланысты Тұрашев Нұрмахан басшылыққа келеді. 1985 жылға дейін басқарады. 1985 жылдан 1987 жылға дейін Абдукаримов Тасыбай басқарады. 1987 жылдан 1993 жылға дейін Зүлей Ахмет басшылықта болады. 1993-1994 жылдары Мақұлбеков Мыңбосын басқарады. 1994-2002 жылдары Құлназаров Садық басшылық жасайды. 2002-2005 жылдары Сердалиева Әсия басшылықта болады. 2005 жылдың 7 шілдесінен бастап Мырзалиев Шаяхмет басқаруда...
Бұл басшылардан басқа қаншама еліміз үлгі тұтатын зейнеткер мұғалімдеріміз бар: Әбиева Дүйсенкүл, Болатов Әсілбек, Омархан, Асқар, Фарзу, Өсербай, Шертай, Өлмес, Биғатша, Ұлдыкүл, Рыскүл, Гүлзина, Гүлжан, Күмісай, Марғуа, Сара т.б.
Бүгінгі мектебіміздің жағдайы: ғимарат күйген қыштан салынған 2 қабаттан тұрады.
Жалпы алаңы: 2953,1
Құрылыс ауданы: 2049
Бөлме саны: 77
Төлқұжатының нөмері: 07-32927
Табиғи тозуы: 23 %
Мектеп директоры: Мырзалиев Шаяхмет
Оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары:
Мүтәлиева М.Ә, Жұмабаева К.
Тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлар: Зүлей А, Әшенова К.
Психологтар: Шындалиева П, Байдәулетова А.
Барлық мұғалімдер саны: 60
Жоғары дәрежелі: Зүлей А, Құлназаров С, Дүйсенбаева С, Мүтәлиева М.
Бірінші дәрежелі: 23
Екінші дәрежелі: 21
Дәрежесі жоқ: 4
Кіші қызметкерлер: 36
Мектепте жалпы оқушылар саны: 559
Жалпы сыныптар саны (дайындық сыныбын қосқанда) : 29
Дайындық сынып оқушылары: 54
1-4 сыныптарда: 227 оқушы
5-9 сыныптарда: 250 оқушы
10-11 сыныптарда: 82 оқушы.
Мәжіліс залының сиымдылығы: 200 орын
Асхана: 50 орын.
Кабинеттер саны: 34
Оның алтауы демеушілердің көмегімен қайта жөндеуден өтіп, жабдықталды. Олар:
1.Оспанов Әшімхан атындағы қазақ тілі кабинеті
2.Құмарбеков Асқар атындағы қазақ тілі кабинеті
3.Омархан Мырзалыұлы атындағы тарих кабинеті
4.Сейлхан Тлеубергенұлы атындағы биология кабинеті
5.Усманов Атияр Таутенұлы атындағы химия кабинеті
6.Бейсенбаев Пернебек атындағы бастауыш сынып кабинеті

Категория: Мектеп

 

Мекен жайымыз

Автор: admin от 20-11-2018, 10:35, посмотрело: 52

0

Түркістан облысы, Жетісай ауданы, Ә. Оспанов елді мекені. Сәбден ата көшесі №1

Категория: Мектеп

 
Назад Вперед