» » Мектеп тарихы

 
 
 

Мектеп тарихы

Автор: admin от 20-11-2018, 10:40, посмотрело: 64

0


MEKТЕП ТАРИХЫ
Аманкелді мектебі өзінің тарихын сонау кеңес заманында бастаған екен. Алғашқы мектеп ХХ-жылдық учаскесінде Ибраев деген кісінің басшылығымен 3 жылдық білім ордасы болып ашылған. Оның алғашқы түлектері 1930 жылғы азаматтар. Олардан қазіргі таңда барлары: Алтынбеков Сүйіндік, Шырынханов Құрманхан, Алданов Мырзабек, Төребай, Әли т.б. Кейіннен бұл мектеп 7 жылдық сатыға көшті. 7 жылдықты бітірген түлектер Атакент қалашығына барып, оқуын жалғастырды. Ибраевтан кейін бұл мектепті Исахов Оразбай деген кісі басқарады. Яғни, 1954 жылға дейін. 1954 жылдан біздің мектебімізге Ұлы Отан соғысының ардагері, Еңбек Қызыл ту орденінің иегері Оспанов Әшімхан басшылыққа келеді. Оспанов Әшімхан мектепке басшылық жасаған тұста, мектеп ғимараты 3 мәрте өзгертіледі. Содан 1984 жылы 14 қарашада қазіргі оқып білім алып жатқан ғимарат қолданысқа беріледі. Сол жылдары 1984 жылы Оспанов Әшімхан зейнеткерлікке шығуына байланысты Тұрашев Нұрмахан басшылыққа келеді. 1985 жылға дейін басқарады. 1985 жылдан 1987 жылға дейін Абдукаримов Тасыбай басқарады. 1987 жылдан 1993 жылға дейін Зүлей Ахмет басшылықта болады. 1993-1994 жылдары Мақұлбеков Мыңбосын басқарады. 1994-2002 жылдары Құлназаров Садық басшылық жасайды. 2002-2005 жылдары Сердалиева Әсия басшылықта болады. 2005 жылдың 7 шілдесінен бастап Мырзалиев Шаяхмет басқаруда...
Бұл басшылардан басқа қаншама еліміз үлгі тұтатын зейнеткер мұғалімдеріміз бар: Әбиева Дүйсенкүл, Болатов Әсілбек, Омархан, Асқар, Фарзу, Өсербай, Шертай, Өлмес, Биғатша, Ұлдыкүл, Рыскүл, Гүлзина, Гүлжан, Күмісай, Марғуа, Сара т.б.
Бүгінгі мектебіміздің жағдайы: ғимарат күйген қыштан салынған 2 қабаттан тұрады.
Жалпы алаңы: 2953,1
Құрылыс ауданы: 2049
Бөлме саны: 77
Төлқұжатының нөмері: 07-32927
Табиғи тозуы: 23 %
Мектеп директоры: Мырзалиев Шаяхмет
Оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары:
Мүтәлиева М.Ә, Жұмабаева К.
Тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлар: Зүлей А, Әшенова К.
Психологтар: Шындалиева П, Байдәулетова А.
Барлық мұғалімдер саны: 60
Жоғары дәрежелі: Зүлей А, Құлназаров С, Дүйсенбаева С, Мүтәлиева М.
Бірінші дәрежелі: 23
Екінші дәрежелі: 21
Дәрежесі жоқ: 4
Кіші қызметкерлер: 36
Мектепте жалпы оқушылар саны: 559
Жалпы сыныптар саны (дайындық сыныбын қосқанда) : 29
Дайындық сынып оқушылары: 54
1-4 сыныптарда: 227 оқушы
5-9 сыныптарда: 250 оқушы
10-11 сыныптарда: 82 оқушы.
Мәжіліс залының сиымдылығы: 200 орын
Асхана: 50 орын.
Кабинеттер саны: 34
Оның алтауы демеушілердің көмегімен қайта жөндеуден өтіп, жабдықталды. Олар:
1.Оспанов Әшімхан атындағы қазақ тілі кабинеті
2.Құмарбеков Асқар атындағы қазақ тілі кабинеті
3.Омархан Мырзалыұлы атындағы тарих кабинеті
4.Сейлхан Тлеубергенұлы атындағы биология кабинеті
5.Усманов Атияр Таутенұлы атындағы химия кабинеті
6.Бейсенбаев Пернебек атындағы бастауыш сынып кабинеті

Категория: Мектеп

Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.