23
декабрь
2024
"Жақсы көңіл-күй – жақсы қарым-қатынас!"
"Жақсы көңіл-күй – жақсы қарым-қатынас!"
Бүгін мектебімізде педагог-психолог Ибишева Мақпал апайымыздың ұйымдастыруымен мұғалімдерге арналған мотивациялық тренинг өтті.
Мақсаты: педагогикалық біліктілікті арттырып, заманауи оқыту әдістерімен таныстыру және кәсіби даму жолында қолдау көрсету.
Тренингтің негізгі бағыттары:
- Педагогикалық дағдыларды жетілдіру
- Критикалық ойлауды дамыту
- Білім беру талаптарына бейімделу
- Командалық жұмыс мәдениетін қалыптастыру
- Психологиялық дайындықты нығайту
- Оқушыға бағытталған білім беру әдістерін енгізу
- Бағалау тәсілдерін жетілдіру
- Цифрлық технологияларды қолдану
Мұғалімдер жаңа идеялармен бөлісіп, тәжірибе алмасты. Бұл күн бәріміз үшін ерекше пайдалы және мотивацияға толы болды!











