Мектеп тарихы » Аманкелді атындағы ЖОМ
Түркістан облысының білім басқармасының
Жетісай ауданының білім бөлімі
"Аманкелді атындағы №19 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Мектеп тарихы
20
март
2024

Мектеп тарихы



MEKТЕП ТАРИХЫ
Аманкелді мектебі өзінің тарихын сонау кеңес заманында бастаған екен. Алғашқы мектеп ХХ-жылдық учаскесінде Ибраев деген кісінің басшылығымен 3 жылдық білім ордасы болып ашылған. Оның алғашқы түлектері 1930 жылғы азаматтар. Олардан қазіргі таңда барлары: Алтынбеков Сүйіндік, Шырынханов Құрманхан, Алданов Мырзабек, Төребай, Әли т.б. Кейіннен бұл мектеп 7 жылдық сатыға көшті. 7 жылдықты бітірген түлектер Атакент қалашығына барып, оқуын жалғастырды. Ибраевтан кейін бұл мектепті Исахов Оразбай деген кісі басқарады. Яғни, 1954 жылға дейін. 1954 жылдан біздің мектебімізге Ұлы Отан соғысының ардагері, Еңбек Қызыл ту орденінің иегері Оспанов Әшімхан басшылыққа келеді. Оспанов Әшімхан мектепке басшылық жасаған тұста, мектеп ғимараты 3 мәрте өзгертіледі. Содан 1984 жылы 14 қарашада қазіргі оқып білім алып жатқан ғимарат қолданысқа беріледі. Сол жылдары 1984 жылы Оспанов Әшімхан зейнеткерлікке шығуына байланысты Тұрашев Нұрмахан басшылыққа келеді. 1985 жылға дейін басқарады. 1985 жылдан 1987 жылға дейін Абдукаримов Тасыбай басқарады. 1987 жылдан 1993 жылға дейін Зүлей Ахмет басшылықта болады. 1993-1994 жылдары Мақұлбеков Мыңбосын басқарады. 1994-2002 жылдары Құлназаров Садық басшылық жасайды. 2002-2005 жылдары Сердалиева Әсия басшылықта болады. 2005-2012 жылдары Мырзалиев Шаяхмет басқарды. 2012-2019 жылдар аралығында Байдаулетова Айшонық Мырзабайқызы басшылық жасады. 2019-2023 жылдар аралығында Умбетаева Гулмира Затиллақызы басқарды.2023 жылдық қазан айынан бастап алты ай Тулемисова Лаззат Сламхановна директордың уақытша міндетін атқарды. Қазіргі таңда сәуір айынан бастап Тәжібаев Қыдырбай Жолдасбайұлы директордың уақытша қызметін атқарып отыр.
Бұл басшылардан басқа қаншама еліміз үлгі тұтатын зейнеткер мұғалімдеріміз бар: Әбиева Дүйсенкүл, Болатов Әсілбек, Омархан, Асқар, Фарзу, Өсербай, Шертай, Өлмес, Биғатша, Ұлдыкүл, Рыскүл, Гүлзина, Гүлжан, Күмісай, Марғуа, Сара Гүлдәш, Мария, Тәжіқыз, Дүйсенкүл, Мәуегүл, Ұлданай, Дүрия, Әшіркүл, Палсұлу, Алпысбай, Жайсанбек, т.б.
Бүгінгі мектебіміздің жағдайы: ғимарат күйген қыштан салынған 2 қабаттан тұрады.
Жалпы алаңы: 2953,1
Құрылыс ауданы: 2049
Бөлме саны: 77
Төлқұжатының нөмері: 07-32927
Табиғи тозуы: 23 %
Мектеп директоры м.у.а: Тәжібаев Қыдырбай
Оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары:
А.Ашенова, Г.Ерімбетова, Е.Бақтыоразова, Г.Шегебаева.

Тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлар:Мусаев Б, Л.Тулемисова
Психологтар:Туракулова Г, Умирбекова А
Барлық мұғалімдер саны:66
Педагог-шебер-2

педагог-зерттеуші-21

педагог-сарапшы- 25

педагог-модератор-15
Дәрежесі жоқ:5
Кіші қызметкерлер:25
Мектепте жалпы оқушылар саны:584

Жалпы сыныптар саны (дайындық сыныбын қосқанда) :30
Дайындық сынып оқушылары:40
1-4 сыныптарда: 214 оқушы
5-9 сыныптарда: 243 оқушы
10-11 сыныптарда: 87 оқушы.
Мәжіліс залының сиымдылығы: 200 орын
Асхана: 50 орын.
Кабинеттер саны: 34
Оның алтауы демеушілердің көмегімен қайта жөндеуден өтіп, жабдықталды. Олар:
1.Оспанов Әшімхан атындағы қазақ тілі кабинеті
2.Құмарбеков Асқар атындағы қазақ тілі кабинеті
3.Омархан Мырзалыұлы атындағы тарих кабинеті
4.Сейлхан Тлеубергенұлы атындағы биология кабинеті
5.Усманов Атияр Таутенұлы атындағы химия кабинеті
6.Бейсенбаев Пернебек атындағы бастауыш сынып кабинеті




Похожие публикации:

20 ноябрь 2018 Мекен жайымыз