02
сентябрь
2024
9 "А" сыныбында "Менің Отаным-Қазақстан" тақырыбында тәрбие сағаты
"Аманкелді атындағы №19 жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2 қыркүйек күні 9 "А" сыныбында "Менің Отаным-Қазақстан" тақырыбында тәрбие сағаты өтілді.
Мақсаты: Оқушыларға Қазақстанның тарихын, мәдениетін таныстырып сүйіспеншілік пен патриоттық сезімді қалыптастыру.
Оқушылардың бойында мемлекеттік рәміздерге, ұлттық құндылықтарға деген құрмет сезімін ояту. Туған жерді қорғауға және мақтан етуге тәрбиелеу.
Сынып жетекшісі: Әлімбай А.

