**Ұстаздарға біліктілік санатын табыстау салтанаты өтті 🎉** » Аманкелді атындағы ЖОМ
Түркістан облысының білім басқармасының
Жетісай ауданының білім бөлімі
"Аманкелді атындағы №19 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » **Ұстаздарға біліктілік санатын табыстау салтанаты өтті 🎉**
13
декабрь
2024

**Ұстаздарға біліктілік санатын табыстау салтанаты өтті 🎉**

**Ұстаздарға біліктілік санатын табыстау салтанаты өтті 🎉**
Мектебімізде бейіндік оқу жұмыстары жөніндегі орынбасары Сүндетғали Серікбекұлының ұйымдастыруымен педагогтарға **Педагог-зерттеуші** біліктілік санаты салтанатты түрде табысталды. Педагогтарымыздың арасында сарапшыдан зерттеуші санатына жоғарылаған және зерттеуші санатын қайта растаған ұстаздар бар. 🌟
Салтанатты іс-шарада мектеп директорының м.у.а Г. Шегебаева құттықтау сөз сөйлеп, біліктілік санатын алған мұғалімдерімізге ізгі тілектерін білдірді. 💐
**Облыс көлемінде Педагог-зерттеуші санатын растап, алған педагогтарымыз:**
1. Манапбек Сүндетғали — химия пәні мұғалімі 🧪
2. Тасымбекова Гүлбану — физика пәні мұғалімі 🧲
3. Ауезова Гүлзира — бастауыш сынып мұғалімі 📚
4. Байдаулетова Гүлсара — орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі 📖
5. Муталиева Майра — биология пәні мұғалімі 🧬
6. Сулеева Мастура — орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі 📖
7. Алтынбекова Гүлжайнаш — тарих пәні мұғалімі 🏛️
8. Сатыбалдиева Ләззат — қазақ тілі пәні мұғалімі 📝
9. Шегебаева Гүлмира — биология пәні мұғалімі 🌿
10. Назарбекова Ләззат — бастауыш сынып мұғалімі 📚
11. Бақтыоразова Ельмира — ағылшын тілі пәні мұғалімі 🌍
Сіздер – ұлт айнасы, болашаққа жол ашқан рухты тұлғасыздар! 🇰🇿 Ұрпақ тәрбиелеудегі ерен еңбектеріңіз – елге деген адал қызметтің жарқын көрінісі. Сіздерге қажыр-қайрат, зор денсаулық және шәкірттеріңіздің биіктерден көрінуін тілейміз! ✨ Еңбектеріңіз әрдайым жемісті болсын!
Барша біліктілік санатын алған ұстаздарымызды шын жүректен құттықтаймыз! 🥳🌹