13
декабрь
2024
ТӘУЕЛСІЗДІК -ТҰҒЫРЫМ!
ТӘУЕЛСІЗДІК -ТҰҒЫРЫМ!
Тәуелсіздік – ең алдымен қазақ халқының бостандыққа ұмтылған асқақ армандарымен қайсар рухының жемісі.
Тәуелсіздік – кез келген ел үшін жаңа сатыға көтерілу мен қайта түлеудің, гүлденіп дамудың тың қадамы, елеулі тарихи кезеңі.
Еліміздің ұлы тарихына, ата-баба рухына, аға ұрпақтардың қаһармандық өмір жолына құрметпен басымызды иіп, дәріптеп, ата-бабамыз салып кеткен сара жолды жалғастыру - бізге парыз!
Бүгін мектебімізде Ұлы мерекеміздің құрметіне "Тәуелсіздік - тұғырым!" тақырыбында мектебімізде 8 сынып жетекшілері Алтынбекова Гүлжайнаш, Сазанбаева Жадыра апайларымыздың ұйымдастыруымен өте жоғарғы деңгейде кәсіби шеберлікпен іс- шара өтті.
1. Оқушылардың біркелкі формасы.
2. Барлық концерттік номерлерге (ән,би,сахналық көріністер) сахналық костюмдер.
3. Концерттің өту тәртібі.
4. Сахналық безендірулер.
5. Концерттік номерлер.
6. Жетекшілердің бір түсті киімдері.
7. Ата-аналарды жұмылдыра алулары.
8. Оқушылардың іс-шараға түгел дерлік қатысуларын қамтулары.
9. Домбырашылар оркестрі.
10. Концерттік номерлер керемет таңдалған.
Баршаңызды Тәуелсіздік мерекесімен құттықтай келе, еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын деп тілек білдіреміз!






