13
февраль
2025
Ауған соғысының ардагерлері
Жетісай ауданының білім бөліміне қарасты «Аманкелді атындағы №19 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2025 жылдың 13 ақпан күні алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі Ж.Жұбатов және Тәрбие орынбасарлары,Тәлімгер ұйымдастыруымен Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылғанына 36 жыл толуына орай «Ауғанның отты жылдары" тақырыбында кездесу өтті. Іс - шараның мақсаты – оқушыларға Ауған соғысы жайлы толық мәлімет беру, ардагер ағалармен ашық әңгімелесу, сұхбат құру, оқушылардың бойына патриоттық тәрбие беру.
Кездесуге Ауған соғысының ардагерлері: Анарбаев Талғат, Өтеуов Әбілқасым, ағаларымыз, қатысты. Ардагерлер сұрапыл жылдардағы естеліктерімен бөлісіп, Отанды қорғаудың маңыздылығы туралы ой қозғады. Сондай-ақ, оқушылар өздерінің ардагерлерге арнаған өлеңдерін оқып, патриоттық әндер шырқады.
Шара соңында мектеп әкімшілігі қонақтарға алғыс айтып, ардагерлерге құрмет көрсетілді. Осындай тағылымды кездесулер өскелең ұрпақтың бойында патриоттық рухты қалыптастыруға үлкен үлесін қосады.





