Таза Қазақстан » Аманкелді атындағы ЖОМ
Түркістан облысының білім басқармасының
Жетісай ауданының білім бөлімі
"Аманкелді атындағы №19 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
28
октябрь
2025

Таза Қазақстан

"Таза Қазақстан" – таза болашақ үшін! 🌿
Бүгін Аманкелді атындағы №19 ЖББМ ұжымының кіші қызметкерлері "Таза Қазақстан" республикалық экологиялық акциясы аясында сенбілік өткізді.
🧹 Ішкі тазалықта – сынып бөлмелері, дәліздер, терезелер мен жиһаздар мұқият тазартылды.
🌳 Сыртқы тазалықта – мектеп ауласы мен айналасы қоқыстан тазартып, ағаш-бұталар ретке келтірілді.
Бұл шараның мақсаты – білім ордамыздың тазалығын сақтау, жайлы орта қалыптастыру және қоршаған ортаға жанашырлықпен қарау.
🌱 Тазалық – бір күндік іс емес, әрбіріміздің өмірлік дағдымызға айналуы тиіс.
Таза орта – жарқын болашақ кепілі! 🌏💚