16
сентябрь
2025
"Тіл мен кәсіби үйлескен ұрпақ- ел тірегі"
2025 жылдың 15-қыркүйек күні "Тіл мен кәсіби үйлескен ұрпақ- ел тірегі" атты онкүндігінде, шетел тілі бірлестігі ұйымдастырған "Үш тіл- бірлік тілі" тақырыбында ұстаздар арасында сайыс сабақ болып өтті. Сайыс барысында ұстаздардың белсенділігі, шығармашылығы мен ынтасы айқын көрінді. Үш тілді меңгерудегі қабілеттерін, өнерлерін, білімдерін паш етіп, әділ-қазы алқаларын тәнті етті. Тек бұл сайыс сабақта ғана емес, жалпы әрбір іс-шарада ұйымшылдық, достық пен сыйластық сезілді. Бұл- біздің мектеп ұжымының бірлігі мен тілдерге деген құрметінің айқын дәлелі! Үш тіл- болашақтың кілті! Бәрімізге табыс, шығармашылық шабыт тілеймін!



