11
апрель
2024
'ҰМЫТ БОЛҒАН ҰЛТТЫҚ ТАҒАМДАР"
'ҰМЫТ БОЛҒАН ҰЛТТЫҚ ТАҒАМДАР"
"Аманкелді атындағы №19 жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде Ұмыт болған Ұлттық тағамдар атты мектеп оқушылары арасында жәрмеңке болып өтті .
Қазақтың ұлттық тағамы дегенде ет, бауырсақ, құрт-май, тары-талқан мен Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесінде әзірленетін наурыз көжені айтамыз. Бірақ ұлттық тағамдарымыз мұнымен шектелмейтіні сөзсіз. Дегенмен, уақыт сырғып, заман жаңарған сайын барлық ұлттың асханасымен етене жақын таныса бастағанымыз рас. Алайда өзіміздің ұлттық асымызды ұмыт қалдырмағанымыз жөн.
Қазақ халқы әу бастан қуаты жоғары, құнарлы тағамдарды жиі пайдаланған. Сондай тағамдардың бірі – үлпершек. Бұл ас түрін бүгінде дайындамақ түгілі атауын да естімейтініміз рас. Үлпершек – құрамында түрлі дәрумені бар аса пайдалы тағам. Негізінен, бұл тағамды үйінен ұзатылып кеткен қыз төркіндеп келгенде пісіріп береді. Үлпершек «қайда жүрсең де біздің жүрегіміздесің» деген мағынада жылқы немесе сиырдың жүрегінен жасалады. Жүректі тіліп, қанын тазалайды да, ішіне тұз бен бұрыш себеді. Сосын ұсақталып туралған ет және маймен толтырады да, бір ай бойы ұнға батырып қояды.Сондай ұмыт бола бастаған тағамдардың бірі *Ежігей*-қой сүтінен дайындалған тағам.Ол қайғатылған қатықпен сары ірімшіктің қоспасынан әзірленетін дәмі тәтті,өзі жұмсақ болатын ас.Бұданда басқа ұмыт болған ұлттық тағам түрлері көп.Қазақ халқының ұлттық тағамдарының барлығы құнарлы болады.Олар көктем кезінде адамға қте пайдалы.Халқымыз бұл таңаиды дастарханға жыл бойы молшылық болсын деп қояды.Осындай ұмыт бола бастаған тағамдарды біле жүргеніміз жөн болар.