18
февраль
2025
"ШЫН ЖҮРЕКТЕН КІТАП СЫЙЛА!" ЧЕЛЛЕНДЖІ
"Аманкелді атындағы №19 жалпы орта білім беретін мектебінде «Балалар кітапханасы» бағдарламасы аясында 14 ақпан Халықаралық кітап сыйлау күніне орай «Шын жүректен кітап сыйла!» акция-челленджі жарияланып, мектеп кітапханасының қоры заманауи басылымдармен толықтырылып жатыр.
«Балалар кітапханасы» бағдарламасын іске асыру мақсатында ұйымдастырылған челленджге ата-аналар, мұғалімдер және оқушылар белсене қатысып, мектеп кітапханасына әр-түрлі жанрдағы кітаптарды сыйға тартып жатыр.
Оқушылардың кітапқа деген құрмет сезімін қалыптастыра отырып, ізгілік пен қайырымдылық сезімде тәрбиелеу басты мақсат.
Челленджге қатысып кітапханаға кітап тарту еткен мектеп басшысы Шегебаева Гулмира апай басқарумен мектеп әкімшілігіне алғысымыз шексіз!