14
февраль
2025
ШЫН ЖҮРЕКТЕН КІТАП СЫЙЛА
ШЫН ЖҮРЕКТЕН КІТАП СЫЙЛА
14 ақпан Халықаралық кітап сыйлау күніне орай мектебімізде "Шын жүректен кітап сыйла" акциясы жалғасуда.
Мақсаты - мектеп кітапханасы қорын әдеби кітаптармен толықтыру, оқушыларды рухани адамгершілікке баулу,кітап оқуға ынталандыру, ақын - жазушылардың шығармаларын насихаттау, кітапханаға оқырман тарту, кітап қорын молайту. Іс-шараға мектебіміздің 2"А", 6"А" сынып оқушылары мен сынып жетекшілері Дәулетияр Гулнур апай мен Қалықұлова Айнұр апайларымыз кітаптарын сыйға тартты. Сонымен қатар мектебіміздің ата-анасы Аймаханова Замира апайымыз қызымен өздерінің оқыған кітаптарын кітаптарын сыйға тартты. "Шын жүректен кітап сыйла» акциясы Халықаралық кітап сыйлау күніне орай, «Оқуға құштар мектеп ","Балалар кітапханасы " жобасы аясында акцияға белсене қатысып жатқан ұстаздарға, ата-аналарға, оқушыларға алғыс білдіреміз.