«Еңбегімен ел таныған!» » Аманкелді атындағы ЖОМ
Түркістан облысының білім басқармасының
Жетісай ауданының білім бөлімі
"Аманкелді атындағы №19 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
13
ноябрь
2024

«Еңбегімен ел таныған!»

«Аманкелді атындағы №19 жалпы білім беретін мектеп»  коммуналдық  мемлекеттік мекемесінде Педагог – психолог М. Ибишева,  кәсіптік бағдар педагогы А. Дүйсебаева   және әлеуметтік педагогтың  ұйымдастыруы  Ә. Әбдірахманның  ұйымдастыруымен  «Еңбегімен ел таныған!» тақырыбында 9,10, 11- сыныптар арасында  сыр сұхбат болып өтті. 
Мақсаты:  Мамандық таңдау кезеңінде тұрған оқушыларға бағыт — бағдар беріп, дұрыс жол таңдауына ықпал ету. Еңбек етудің  адам өміріндегі орнын сезіндіру.  Оқушылардың қоғамдағы өзгерістерге назарын аудара отырып,  азаматтық позициясын қалыптастыру.
 Кездесу қонақтары:
1. Жетісай ауданы Қазбек би ауыл округының әкімі Мутаев Нұрлыбек Сағынбекұлы  Аманкелді атындағы №19 жалпы білім беретін мектептің 2004 жылғы түлегі . 
2. Жетісай ауданы Әлкен Оспанов ауылдық «Аманкелді амбулаториясының» бас дәрігері - Жұмабекұлы Байтұрсын 2010 жылғы түлегі.
3.  ҚазақМыс корпорациясы ЖШС Машинист Подземных Доставочный Машины (Машинист ПДМ ) - Тілеубай Бағдат Бекжігітұлы 2012 жылғы түлегі.
4. Түркістан облысы,Полиция Департаменті Жылдам қимылдайтын арнайы жасақ арнайы мақсаттағы бөлінісі, Полиция капитаны - Тасыбек Жандаулет Кеңесбекұлы  2012 жылғы түлегі.
Қонақтарымыз оқушыларға  мамандық таңдауда дұрыс бағыт бағдар беріп,  өздерінің өмірлік тәжірибелерімен бөлісті. 
Қонақтарымыз  бен оқушыларымыз арасында керемет сыралсу кеші болып өтті.