03
декабрь
2024
"Үйірмеден үйренерім көп" семинары 🏫
"Үйірмеден үйренерім көп" семинары
28-29 қараша күндері "Аманкелді атындағы №19 жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде "Үйірмеден үйренерім көп" атты семинар өтті.
Семинар аясында мектебіміздің педагог-психологы Ибишева Мақпал апай мен кәсіптік бағдар беруші педагогы Дүйсебаева Ақерке апай 5-"А" сыныбына "Мамандықты ерте жастан таңдау" тақырыбында ерекше сабақ өткізді.
- Мамандықты таңдауда жауапкершілікті қалыптастыру;
- Оқушылардың кәсіби бағыт-бағдарын анықтау;
- Психологиялық дайындықтарын жетілдіру және қиындықтан шығу шеберлігін шыңдау.
Сабақ өте қызықты әрі мазмұнды өтті. Оқушылар белсенді қатысып, өз ойларын ортаға салып, келешекте таңдағылары келетін мамандықтары туралы пікір алмасты.
Мұндай шаралар жас ұрпақтың болашағын айқындауға бағытталған маңызды қадам екені сөзсіз! 





