05
октябрь
2024
«Мұғалім мамандығы – барлық мамандықтың анасы»
Маған жақсы мұғалім бәрінен де қымбат,
өйткені мұғалім – мектептің жүрегі.
Ыбырай Алтынсарин
Дүниедегі мамандық атаулының төресі – ұстаздық. Мұғалім барлық мамандық иесін тәрбиелейтін, оқытып үйрететін мейірімді абзал жан. «Мұғалім мамандығы – барлық мамандықтың анасы» демекші, ұстаз алдынан тәрбие алмайтын жан жоқ. Ұстаз тәрбиесі әрбір жанның адастырмас шамшырағы секілді. Сондықтан ұлағатты ұстаздарға бүкіл адам баласы құрметпен бас иеді. Үлгілі, өнегелі, жүрегінде тұнып тұрған мейірім бұлағының бастауы бар жан ғана ҰСТАЗ бола алады.
Жоғарыда келтірілген ұстаз болмысы мектебіміздің ұстазы Тулемисова Ләззат апайға лайықты теңеу. Үнемі күлімдеп жүретін ақкөңіл, ақжарқын, көмек қолын ешқашан аяп қалмайтын, өзгені қуантқаннан ләззат алатын Ләззат Тулемисова апайдың өзгелерде кездесе бермейтін биік адамгершілік қасиеті бір төбе. Нағыз кретивті ҰСТАЗ!
Құрметті, әріптестер! Кәсіби мерекеміз құтты болсын!!!



