**Аманкелді атындағы №19 жалпы білім беретін мектепте** «Инклюзия» бағытындағы мейірімділік апталығының аясында «Игі істер марафоны» жобасы бойынша ата-аналарға арналған ерекше тренинг өтті!
2024 жылдың 6 қарашасында **"Анашым, мені ұмытпаңыз!"** атты тренинг ұйымдастырылып, ата-аналар балаларымен дұрыс қарым-қатынас орнатудың тиімді әдістерін үйренді. Тренингтің басты мақсаты – мұғалім мен ата-ананың бір команда болуына қол жеткізу, балаларға қолдау көрсету мен дұрыс тәрбие беруге бағыттау.
Ата-аналарға балаларымен бірге уақытты тиімді өткізу әдістері ұсынылып, олардың дамуына қалай ықпал етуге болатыны түсіндірілді. Сонымен қатар, ата-ана, мұғалім және баланың құқықтары мен міндеттері жайлы ақпарат берілді.
**Ұйымдастырушылар:**
- Педагог-логопед: Имнагалиева Несібелі
- Арнайы педагог: Бердібек Мадина
---
Осындай керемет шараларға қатысып, бала тәрбиесінде белсенді болайық!