30
ноябрь
2024
"Үйірмеден үйренеріміз көп"
28.11.2024 ж. күні мектебімізде "Үйірмеден үйренеріміз көп" атты екі күнге созылған мектепішілік семинар өтті. Бұл шара барысында 8-9 сыныптар арасында биология пәні зертханашысы С. Сейтбекова "Биология сабағындағы қызықты тәжірибе" тақырыбында әртүрлі эксперименттік тәжірибелер жасап, оқушылардың жан-жақты дамып, заман талабына сай қабілетті тұлға болып қалыптасуына ықпал етуге бағытталған инновациялық жұмыстарды ұсынды.
Семинар барысында С. Сейтбекова биология сабағын қызықты әрі тиімді өткізудің түрлі әдістерін көрсетіп, педагог қауымына жаңа идеялар мен тәжірибелік әдістерді қолдану жолдарын түсіндірді. Оның ұсынған инновациялық бағыттағы жұмыс түрлері ұстаздар тарапынан үлкен қызығушылық тудырды. 

Бұл шара 8-9 сынып оқушыларының ғылымға деген қызығушылығын арттырып, олардың тәжірибелік дағдыларын дамытуға үлкен ықпал етті. Мұндай шаралар заманауи білім беру саласына тың серпін беріп, оқушылардың болашақ мамандықтарына деген сенімдерін нығайтары сөзсіз. 





