«Қыз сыны» » Аманкелді атындағы ЖОМ
Түркістан облысының білім басқармасының
Жетісай ауданының білім бөлімі
"Аманкелді атындағы №19 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
16
апрель
2025

«Қыз сыны»

16.04.2025ж күні "Аманкелді атындағы 19 ЖББМ" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде оқушылары арасында "Мен қазақтың қызымын" атты  «Қыз сыны» байқауы өтті. Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Бауыржан Мусаев пен білікті педагог Гулмира Шегебаеваның ұйымдастыруымен өткен байқау өскелең ұрпақтың ұлт өнеріне деген қызығушылығын оятты. Айталық, мұнда білім жарысымен қатар, оқушылардың ұлттық қолөнерлері, ақын жазушыларымыздың ғашықтар мұңы тақырыбында жазған романынан кішігірім эпизодынан қойылым, ән, би өнерін меңгерудегі шеберліктері сынға түсті. Бұл енді-енді өмірдің қыр-сырын тани бастаған балауса қыздар үшін болашақта мамандық таңдаудың даңғыл жолын ашқандай болды.
Байқау қорытындысында Бас жүлдені 10 «А» сынып оқушысы Жаңыл Есінбекқызы 
1-орынды Назгүл Досболқызы  
2-орынды Асқар Жанерке 
3-орынды Тасымбекова Назым мен Айымгүл Батырханқызы иеленді. 
Байқауға қатысқан мұғалімдер мен ата-аналар мектеп ұжымының осынау игілікті іс-шарасына ризашылықтарын білдіріп, шығармашылықтарына табыс тіледі. Жарайсыңдар қыздар алар асуларың биік болғай.