17
январь
2025
“Мұқағали оқулары “
“Мұқағали оқулары “атты мектепішілік мәнерлеп оқу
“Аманкелді атындағы №19 жалпы білім беретін мектеп” коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 5-6 сынып оқушылары арасында ақиық ақын, Поэзия Хантәңірі – Мұқағали Мақатаевқа арналған «Мұқағали оқулары» атты мектепішілік мәнерлеп оқу байқауы өтілді.
Байқаудың мақсаты: оқушылардың поэзияға деген құштарлығын арттыру, өлең сөзінің құдіреті мен қуатын жанымен сезініп, жүрегімен түсінетін дарынды оқушыны анықтау.
5-6 сынып оқушылары арасынан байқауға барлығы 30 оқушы қатысты.
Байқаудың шарты бойынша оқушылардың жаттаған өлеңін мәнерлеп айтуы,жүріс-тұрысы, сахна мәдениетін ұстауы үлгілі дәрежеде болуы тиіс. Мұқағали өлеңдерін ой кестесіне сай көркемдеп, мәнерлеп жатқа айтуы тиіс.
Мұқағали поэзиясына деген құштарлықтың буы бүгінгі таңда жас оқырманның бойынан көрінгені бізді қуантты. Соның дәлелі, мектебіміздің оқушылары ақынның өлеңдерін мәнерлеп нақышына келтіріп, жатқа оқыды.
Байқаудың нәтижесі бойынша үздік атанған оқушылар І, ІІ, ІІІ дипломдарымен марапатталды. Байқауға қатысқан белсенді оқушыларға Алғыс хат берілді.
Мұқағали - мәңгілік өмір! Ақын көкірегінен буырқана ағылған жыр жанартаулары өлең құмар халыққа таусылмайтын сый, мол қазына болып қала бермек.
Жоғары деңгейде ,өте керемет оқыған оқушыларға орындар берілді.
1-орын Елубай Еркін 6-сынып
2-орын Балтабек Балым 6-сынып
2-орын Жолдасбай Айерке 5-сынып
3-орын Керімбай Нұрлыайым 6-сынып
3-орын Малик Алина 5-сынып
“Мұқағали оқуы” байқауын мектеп директорының у.м.а Шегебаева Гүлмира апай қорытындылап, аталымдар бойынша марапаттар табыстады.
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері Г.Мұстафаева ,А.Сәбден

