22
апрель
2025
“Салауатты өмір салтымен шұғылдану баршаға ортақ” тақырыбындағы онкүндіктің ашылуы өтті.
Жетісай ауданы білім бөліміне қарасты “Аманкелді атындағы №19 ЖББМ” КММ де “Салауатты өмір салтымен шұғылдану баршаға ортақ” тақырыбындағы онкүндіктің ашылуы өтті.
Бұл іс-шара үш бірлестіктің-көркем еңбек, денешынықтыру,бастапқы әскери дайындық пәні бірлестіктері мұғалімдерінің ұйымдастыруымен жүзеге асты.
Таңертең мектеп фойесінде көрме ұйымдастырылып, оқушылар таңғы жаттығу жасады. Ұстаздармен, оқушылармен “Сұрақ-жауап” атты ойын сайысы өткізілді. Мектеп алаңында денешынықтыру бірлестігі оқушылармен дене жаттығуларын жүргізді.
Бұл онкүндік қатысушыларға қазіргі жаһандану дәуірінде спортқа деген қызығушылығын арттыру. Алдағы күндері түрлі спорттық сайыстар,эстафеталық ойындар және ашық сабақтар жоспарланған.
Барша қатысушыларға сәттілік тілейміз!









