«Заң және тәртіп» » Аманкелді атындағы ЖОМ
Түркістан облысының білім басқармасының
Жетісай ауданының білім бөлімі
"Аманкелді атындағы №19 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
28
январь
2025

«Заң және тәртіп»

БІРТҰТАС ТӘРБИЕ
Түркістан Облысының Жетісай ауданы Білім бөліміне қарасты "Аманкелді атындағы Nº19 ЖББМ-де “Біртұтас тәрбие” бағдарламасы аясында
 2025 жылдың 27 қаңтарында Мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауындағы «Заң және тәртіп» қағидаттарын ілгерілету шараларын жүзеге асыру аясында мектебіміздің сынып оқушыларына  «Заң және тәртіп»  бірыңғай адалдық сағаты өткізілді.
     Тәрбие сағатының мақсаты – оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, олардың бойында әділдік, адалдық және жауапкершілік қасиеттерін қалыптастыру болды.
    Сабақ барысында оқушылар заңға құрмет көрсету, қоғамдық тәртіпті сақтау және адалдықтың қоғамдағы маңыздылығы жайлы терең мағлұмат алды. 
      Сабақ аясында оқушылар осы тақырып бойынша өз ой-пікірлерін еркін жеткізуге мүмкіндік алды. Оқушылар заңды сақтаудың жеке тұлға және қоғам үшін маңызын, адалдық пен әділдіктің қоғамдағы рөлін ашып көрсетті.
     Мұндай іс-шаралар жас ұрпақты саналы азамат болып қалыптасуға тәрбиелеуде маңызды рөл атқарады.