**"Мейірімді жүрек"** » Аманкелді атындағы ЖОМ
Түркістан облысының білім басқармасының
Жетісай ауданының білім бөлімі
"Аманкелді атындағы №19 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
07
ноябрь
2024

**"Мейірімді жүрек"**

**"Мейірімді жүрек"**
*"Мейірімділікті көрген сайын, шапағатты сезінген сайын тек жақсылықты ойлай бергің келеді."*  
© Әкім Ысқақ
Жетісай ауданы білім бөліміне қарасты Аманкелді атындағы №19 мектепте "Игі істер марафоны" жобасы аясында мейірімділік апталығы өтті. 5 қараша күні арнайы педагог Бердібек Мадина мен педагог-логопед Имнагалиева Несібелінің жетекшілігімен "Мейірімді жүрек" тақырыбында ерекше білім беруді қажет ететін және жалпы білім алушы оқушылар арасында табиғат аясында оқыту шарасы ұйымдастырылды. 🌿📚 Балалар бірге кітап оқып, достық қарым-қатынасты дамыта отырып, ой бөлісті және мейірімділіктің маңызын түсінді.
**Жобаның мақсаты:** Ерекше қамқорлықты қажет ететін балаларға қоғамда өздерін еркін сезінуге мүмкіндік беру, достық қарым-қатынас орнату, және олардың кітапқа деген қызығушылығын арттыру. 🤗 
Бұл шара оқушылардың бір-біріне қолдау көрсетуі арқылы мейірімділік пен адамгершілік құндылықтарын қалыптастыруға бағытталған.
**Сіз үшін мейірімділік дегеніміз не?** 🌸