АРМЫСЫҢ ӘЗ-НАУРЫЗ! » Аманкелді атындағы ЖОМ
Түркістан облысының білім басқармасының
Жетісай ауданының білім бөлімі
"Аманкелді атындағы №19 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
20
март
2025

АРМЫСЫҢ ӘЗ-НАУРЫЗ!

АРМЫСЫҢ ӘЗ-НАУРЫЗ!
Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесі баршамызға құтты болсын, бақыт әкелсін!
Тарихи тамыры тереңге бойлаған әз-Наурыз дана халқымызда қай кезде де еңсесі биік елдіктің іргесі сөгілмес бірліктің, ырыс пен ынтымақтың мерекесі болып келген.
Осы Ұлыстың мерекесі "Аманкелді атындағы N19 жалпы білім беретін мектеп" КММ базасында  "АРМЫСЫҢ, ӘЗ-НАУРЫЗ" тақырыбында тойланды. Іс-шарада күмбірлеген күйлер,мың бұралған билер, сыңғырлаған әндерден шашу шашылып, ұлттық тұсау кесер дәстүрімен Дәулет сәбидің тұсауы кесілді. Барша мектеп ауласын мерекелік көңілді шаттықпен шарықтап, барша жиналған қауым  мәре - сәре болып бір-бірімен қауышып, мәз болысып жатты.
Жылдан жылжып, айдан аман жеткен Жаңаруымыз құтты болсын! Барша елімізде тыныштық пен аманшылық, әр отбасында ынтымақ пен бақ береке тұрақтылығы болсын!