Жетісайауданыбілімбөлімінеқарасты "Аманкелді атындағы №19 жалпы білім беретін мектеп"коммуналдық мемлекеттік мекемесінің дәлізінде 111 QR байланыс номері ілінгенін хабарлаймыз.

Мақсаты: балалардың құқықтарын қорғау, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, және азаматтарға психологиялық, құқықтық көмек көрсету.

Негізгі міндеттері:

Балалар мен отбасыларға шұғыл көмек көрсету.

Құқық бұзушылықтар туралы хабарламаларды қабылдау және тиісті органдарға жеткізу.

Психологиялық және құқықтық кеңес беру.

Зорлық-зомбылықтың алдын алу және оның салдарын азайту.

Жұмыс принципі:

Тәулік бойы, тегін қызмет көрсету.

Анонимдік және құпиялылық сақталады.

Кез келген азамат хабарласып, көмек ала алады.


