“Мемлекеттік тілім – менің тірегім”
Бүгін 10 “Ә” сынып оқушыларымен “Мемлекеттік тілім – менің тірегім” атты тағылымды тәрбие сағатын өткіздік. Сабақ барысында оқушыларға қазақ тілінің мәртебесі, тарихы, болашағы туралы мағлұмат беріліп, ана тілімізді құрметтеу, сақтау, дәріптеу жөнінде әңгіме өрбіді. Оқушылар өлеңдер оқып, мақал-мәтелдер айтып, пікірталасқа қатысып, мемлекеттік тілдің қоғамдағы орны туралы өз ойларын ортаға салды. Олардың белсенділігі, патриоттық сезімі, туған тіліне деген сүйіспеншілігі ерекше қуантты.