10
сентябрь
2025
Діни экстремизмге қарсы күрес
Діни экстремизмге қарсы күрес – бүгінгі қоғамдағы аса маңызды мәселелердің бірі. Ол тек мемлекет пен құқық қорғау органдарының емес, бүкіл қоғамның ортақ міндеті болып саналады.
«Экстремизмге қарсы іс-қимыл туралы» және «Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» заңдар аясында құқық қорғау органдары жұмыс жүргізеді.
Алдын алу шаралары
Жастар арасында патриоттық тәрбие беру, ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарды насихаттау.
Интернеттегі деструктивті ағымдардың ықпалына қарсы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейту.
Діни сауаттылықты арттыру үшін мектебімізде арнайы дәрістер, кездесулер өткізу.
Діни білім беру
Халыққа дұрыс діни түсінік қалыптастыру үшін дәстүрлі ислам мен басқа да конфессия өкілдерінің беделді дін мамандарын тарту.
Деструктивті ағымдардың идеологиясын әшкерелеу, халыққа шынайы ақпарат жеткізу.
Қоғамдық ұйымдар мен отбасының рөлі
Ата-аналардың бала тәрбиесіне жауапкершілігін арттыру.


