Тазалық – тәртіп пен мәдениеттің айнасы! » Аманкелді атындағы ЖОМ
Түркістан облысының білім басқармасының
Жетісай ауданының білім бөлімі
"Аманкелді атындағы №19 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Тазалық – тәртіп пен мәдениеттің айнасы!
27
сентябрь
2025

Тазалық – тәртіп пен мәдениеттің айнасы!

Тазалық – тәртіп пен мәдениеттің айнасы!
     Аманкелді атындағы №19 жалпы білім беретін мектептің ұжымы Бүкілдүниежүзілік сенбілікке атсалысты
Тазалық — денсаулық кепілі, ал қоршаған ортаны қорғау — әрбір азаматтың басты міндеті. Осындай ізгі мақсатты көздейтін Бүкілдүниежүзілік сенбілікке Аманкелді атындағы №19 жалпы білім беретін мектептің ұжымы белсене қатысты.
Іс-шара барысында мектептің ұстаздары мен қызметкерлері аула аймағын тазалап, ағаштар мен гүлдерді күтіп-баптады. Сонымен қатар, оқушыларға үлгі боларлықтай тәрбие көрсетіп, табиғатты аялаудың маңыздылығын дәріптеді.
Мектеп ұжымының ұйымшылдықпен атқарған жұмысы нәтижесінде оқу орнының ауласы тазарып қана қоймай, көркейе түсті. Бұл бастама оқушылардың экологиялық мәдениетін арттырып, туған жерге деген сүйіспеншілігін қалыптастыруға зор ықпал етпек.
Аманкелді атындағы №19 жалпы білім беретін мектеп осындай игі істерге алдағы уақытта да тұрақты түрде қатысып, қоғамға үлгі болуды жалғастыра бермек.