Қазақстан Республикасын қорғау » Аманкелді атындағы ЖОМ
Түркістан облысының білім басқармасының
Жетісай ауданының білім бөлімі
"Аманкелді атындағы №19 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Қазақстан Республикасын қорғау
22
сентябрь
2025

Қазақстан Республикасын қорғау

Қазақстан Республикасы Конституциясының 36-бабында:
«Қазақстан Республикасын қорғау — оның әрбір азаматының қасиетті парызы және міндеті» 
Бұл — Тәуелсіз еліміздің тұғырын биіктететін, болашағын баянды ететін, әр азаматтың жүрегінде орын алуға тиісті борыш.
 «Аманкелді атындағы №19 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2025 жылғы күзгі әскерге шақырту  аясында  ақпараттық- түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
10-11 сынып оқушыларына ашық сабақтар өткізілді. Бұл сабақтарда Отан алдындағы жауапкершілік, азаматтық борыш, әскери қызметтің маңызы мен мәртебесі кеңінен сөз болды. 
Ашық сабақ барысында оқушылар еліміздің Қарулы күштері туралы мол мағлұмат алып, өздерінің болашақтағы қызмет жолдары жайлы толғанысты пікірлерімен бөлісті. Қазіргі жаһандану дәуірінде әскери білім мен тәртіптің, техникалық сауаттылық пен жауапкершіліктің жоғары деңгейде болуы — мемлекет қауіпсіздігінің басты кепілі екендігі айтылды.
Әскери қызмет тек міндет емес, ол — азаматтың елге деген сүйіспеншілігінің, адалдығы мен ерік-жігерінің нақты көрінісі. 
Мектебімізде  оқушыларға патриоттық тәрбие беру, оларды отансүйгіштікке баулу — басты бағыттардың бірі. Алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәні арқылы бұл жұмыс жүйелі түрде атқарылып келеді.
«Аманкелді атындағы №19 жалпы білім беретін мектеп» КММ-сінің
АӘДТ пәні мұғалімі: соғыс ардагері: полковник:  Ж.К.Жұбатов.