15
сентябрь
2025
"Қазақ қызы-инабаттылықтың айнасы"
"Қазақ қызы-инабаттылықтың айнасы" тақырыбында "Аманкелді атындағы 19 ЖББМ" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 12.09.2025ж күні қыздар жиналысы болып өтті.
Мектептегі қыздар жиналысы – қыз балалардың тәрбиесін, әдептілігін, мінез-құлқын қалыптастыру, қоғамдағы рөлін түсіндіру, олардың ар-намысын қорғау, өз-өзіне сенімді, жауапкершілігі мол тұлға болып өсуіне жағдай жасауға бағытталған іс-шара.
Жиналыстың мақсаты:
Қыз балалардың әдептілік, инабаттылық, мәдениеттілік қасиеттерін қалыптастыру.
Салауатты өмір салтын ұстануға үйрету.
Ұлттық дәстүр мен құндылықтарды дәріптеу.
Қыздардың ар-намысын, құқықтарын қорғау және қауіпсіздік ережелерін түсіндіру.
«Қазақ қызы – инабаттылықтың айнасы"
Күн тәртібіне енгізілетін мәселелер:
1. Қыз балалардың мектептегі тәртібі, киім үлгісі, мәдениеті.
2. Сыныптағы, мектептегі өзара қарым-қатынас мәдениеті.
3. Қыз балалардың салауатты өмір салтын ұстануы (тамақтану, спорт, зиянды әдеттерден аулақ болу).
4. Интернеттегі қауіпсіздік және жеке басын қорғау.
5. Үлкенді сыйлау, достық пен сыйластықты қадірлеу.
Жиналыс өткізу формалары:
Ашық әңгіме, пікірталас.
Қыздар арасындағы тренингтер мен ойындар.
Рөлдік сахналық көріністер («Қыздың болашағы – білімде», «Қыз баланың әдебі»).
Арнайы қонақпен (дәрігер, ұстаз, психолог, ата-ана) кездесу.



