Tөтенше жағдай кезінде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету » Аманкелді атындағы ЖОМ
Түркістан облысының білім басқармасының
Жетісай ауданының білім бөлімі
"Аманкелді атындағы №19 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Tөтенше жағдай кезінде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету
23
сентябрь
2025

Tөтенше жағдай кезінде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету

"Аманкелді атындағы 19 ЖББМ"  коммуналдық мемлекеттік мекемесінде оқушыларға сейсможаттығуларды үйрету – төтенше жағдай кезінде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы жаттығу жұмыстары жүргізілді. Мұндай жаттығуларды дұрыс ұйымдастыру арқылы оқушылар зілзаланың алдын алу, өзін-өзі қорғау дағдыларын меңгереді.
Сейсможаттығуларды үйрету жолдары:
1. Түсіндіру жұмысы
Жер сілкінісінің белгілері мен салдары туралы қысқаша әңгімелеу;
Қауіпсіздік ережелерімен таныстыру (паникаға берілмеу, тыныштық сақтау, мұғалімнің нұсқауын орындау).
2. Практикалық жаттығулар
Сынып ішінде:
Парта астына немесе қабырға жанындағы берік жерге жасырыну;
Басын қолмен қорғау, терезеден алыс тұру.
Дәлізде немесе мектеп ауласында:
Бір-бірін итермей, ретпен сыртқа шығу;
Қауіпсіз аймақта жиналу.
3. Жаттығу кезеңдері
1-кезең – дабыл беру (қоңырау немесе белгіленген дыбыс);
2-кезең – оқушылардың дереу қауіпсіз орынға жасырынуы;
3-кезең – мұғалімнің басқаруымен мектеп ауласына эвакуация;
4-кезең – сапқа тұрып, түгелдікті тексеру. 
4. Рөлдік ойындар
«Жер сілкінді» деген жағдайда әр оқушының әрекетін көрсету;
Жедел жәрдем шақыру, зардап шеккенге алғашқы көмек көрсету жаттығулары.
5. Қорытындылау
Жаттығудан кейін оқушылардың іс-әрекетін талдау;
 Мектебіміздің АӘДТның мұғалімі, төтенше жағдай маманы Жұбатов Жұмабек Каденович ағаймыз өткізді. 
Өрт техникалық ережелері мен сейсможаттығуларды практикалық жүзінде өткізді. Жаттығу барысында барлық, талап нормаларына сай көрсетті, үйретті.
#Сейсможаттығу https://www.facebook.com/share/v/1BFWKV8nha/