"Мейірімді жүрек" » Аманкелді атындағы ЖОМ
Түркістан облысының білім басқармасының
Жетісай ауданының білім бөлімі
"Аманкелді атындағы №19 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
11
декабрь
2024

"Мейірімді жүрек"

"Мейірімді жүрек"
«Аманкелді атындағы №19 жалпы білім беретін мектепте» 2024 жылдың 4-10 қарашасы аралығында «Игі істер марафоны» жобасы аясында «Инклюзия» бағыты бойынша мейірімділік апталығы өтті. 🌟 
Марафонның мақсаты: мұқтаж жандарға өтеусіз көмек көрсету, волонтерлік мәдениетті дамыту және оқушыларға мейірімділік құндылығын сіңіру. 
Апта бойы көптеген игі іс-шаралар ұйымдастырылды, соның ішінде:  
🎨 «Әлем менің көзіммен» сурет салу жарысы– 5-6-сынып оқушылары арасында өткізілді. Олар өздерінің шығармашылығы арқылы әлемге деген көзқарастарын жеткізді. Барлық қатысушылар жүлделі орындармен марапатталып, сыйлықтар табысталды. 🏅🎁
Мейірімділік – адам бойындағы ең асыл қасиеттердің бірі. Бұл марафон арқылы оқушылар басқаларға жан жылуын, ізгі ниеті мен алғыстарын білдірді. Мейірімділік апталығын ұйымдастырған педагог-логопед Н. Имнагалиева мен педагог-дефектолог М. Бердібекке алғыс айтамыз. 💖 
Алдағы уақытта мектеп ұжымымен бұл игі бастамалар жалғасын табады деп сенеміз. 🤗✨