Амал мерекесі - Көрісу күні! » Аманкелді атындағы ЖОМ
Түркістан облысының білім басқармасының
Жетісай ауданының білім бөлімі
"Аманкелді атындағы №19 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Амал мерекесі - Көрісу күні!
14
март
2025

Амал мерекесі - Көрісу күні!

Амал мерекесі - Көрісу күні! 
Мектебімізде осы мерекеге орай #Біртұтастәрбие аясында өскелең ұрпаққа ұлтымыздың дәстүрлерін дәріптеп, құндылықтарымызды құрметтеп, дамыту мақсатында  бүкіл елімізде жарияланған НАУРЫЗНАМА ОНКҮНДІГІ негізінде  "Амал келді - Жыл келді!" тақырыбында іс-шара өтілді. 
Амал – тек табиғаттың ғана емес, адамдардың да жаңарып, тазаруына себеп болатын ерекше мейрам. Бұл күні өткенге есеп беріп, болашаққа жоспар құрып, туыстармен қауышу – үлкен мәртебе. 
    Көрісу – тек дәстүр ғана емес, бұл – ұрпақтар сабақтастығы, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсететін ерекше күн. Ағайынмен қауышу, өкпе-ренішті ұмыту – әр адамның жүрегіне жылулық сыйлайды. Осы көктемдей құлпырып, жаңарып, өміріміз тек жақсылыққа толы болсын! Берекеміз артып, татулығымыз жарассын!
Ынтымағымыз жарасып, ырысымыз арта берсін! Халқымыз аман, еліміз тыныш, дастарқанымыз берекелі болсын! Әрбір күніміз шаттық пен қуанышқа толы болсын!