Құрметті ұстаздар мен ата-аналар!
Алаяқтардан сақ болайық! Қазіргі таңда алаяқтықтың түрі күн санап көбейіп, кеңінен таралуда. Сондықтан сіздерге маңызды ескерту:

Банк деректеріңізді ешқашан ешкімге бермеңіздер!

Банк қызметкерлері СМС арқылы келген кодты немесе картаңыздың толық нөмірі мен CVV-кодты сұрамайды.

Биометриялық деректеріңізді (жеке сурет, дауыс, саусақ ізі, т.б.) ашық интернет көздеріне жариялаудан аулақ болыңыздар.

Әрдайым абай болайық, өзімізді және жақындарымызды кибералаяқтардан қорғайық!
Осы ақпаратты барынша таратыңыздар.

