ИНТЕРНЕТ - АЛАЯҚТАРДАН САҚ БОЛАЙЫҚ! » Аманкелді атындағы ЖОМ
Түркістан облысының білім басқармасының
Жетісай ауданының білім бөлімі
"Аманкелді атындағы №19 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » ИНТЕРНЕТ - АЛАЯҚТАРДАН САҚ БОЛАЙЫҚ!
16
сентябрь
2025

ИНТЕРНЕТ - АЛАЯҚТАРДАН САҚ БОЛАЙЫҚ!

ИНТЕРНЕТ - АЛАЯҚТАРДАН САҚ БОЛАЙЫҚ!
  Жетісай АПБ учаскелік полиция инспекторы, полиция аға лейтенант Мырзабеков Бағдат Омарханович, полиция капитаны Сапарбек Досжан Асанбековичтер келіп, мектебіміздің қызметккрлеріне төмендегіше тақырыпта қазіргі таңдағы өте өзекті мәселелердің бірі интернет алаяқтардан сақтану және алданып қалмауларына түсіндірме жұмыстарын жүргізді. 
     Қазіргі заманда интернет – өміріміздің ажырамас бөлігіне айналды. Ақпарат алу, байланыс орнату, сатып алу-сату, тіпті жұмыс істеудің өзі интернет арқылы жүзеге асып жатыр. Дегенмен, мүмкіндіктермен қатар қауіп-қатер де бар екенін естен шығармаған жөн. Солардың бірі – интернет-алаяқтар.
Интернет-алаяқтық – адамдардың сеніміне кіріп, түрлі тәсілдермен ақша немесе жеке деректерін иемдену әрекеті. Олар көбінесе:
1. Жалған сыйлықтар ұсынады («сіз ұтып алдыңыз», «сыйлық күтіп тұр» деген хабарламалар жібереді);
2. Жалған сайттар ашады (банктердің, дүкендердің атын жамылып, жеке мәліметтерді сұрайды);
3. Әлеуметтік желілерде алдайды (дос-жаранның аккаунтын бұзып, қарызға ақша сұрайды);
4. Қауіпті сілтемелер жібереді (оны басқан кезде телефоныңызға зиянды бағдарлама түседі).
Алаяқтардың айласына түспеу үшін мына кеңестерді есте сақтаған абзал:
1. Бейтаныс сілтемелерді ашпаңыз.
2. Жеке мәліметтеріңізді (ЖСН, банк картасының нөмірі, құпиясөз) ешкімге бермеңіз.
3. Әлеуметтік желілерде сақ болыңыз, досыңыздан ақша сұраса, алдымен тікелей хабарласып, анықтап алыңыз.
4. Тек ресми қосымшалар мен сайттарды пайдаланыңыз.
5. Күмәнді ұсыныстарға сенбеңіз.
     Интернет – білім мен өркениеттің көзі болғанымен, қауіпсіздік әр адамның өз қолында. Алаяқтарға алданып қалмай, сақ жүрейік!
Пайдалы кеңестері және  қауіпті алаяқтарға алданып қалмаудың алдын алу мақсатында жүргізген түсіндірме жұмыстары үшін Жетісай ауданы полиция қызметкерлері Бағдат Мырзабеков пен Сапарбек Досжанға  мектеп басшылығы және ұжымы атынан алғысымызды білдіреміз!









Похожие публикации:

20 ноябрь 2018 Оқушыларға