24
сентябрь
2025
"Электронды күнделік жаңарту"
Жаңа оқу басталғалы бері алаяқтар балаларға шалып өзін мұғаліммін деп таныстыруда. "Электронды күнделік жаңарту" деген сылтаумен олар SMS арқылы келген бір реттік құпия кодтарды сұрайды. Іс жүзінде алаяқтар осы кодтарды пайдаланып, "Элекронды үкімет" жүйесіне, онлайн-банкингке немесе туыстарының банк шоттарына қол жеткізеді. Осыған орай, "Аманкелді атындағы 19 ЖББМ" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде "Ақпараттық ортадағы қауіпсіздік" тақырыбында ата-аналар жиналысын, сынып сағаттарын, қауіпсіздік сабақтарын ұйымдастырып, түсіндіру жұмыстары жүргізілді.


