28
октябрь
2025
1 қыркүйек – Білім күні
“Мектебім – мейірім мекені” атты алғашқы қоңырау салтанаты өтті 
1 қыркүйек – Білім күні қарсаңында Жетісай ауданының білім бөліміне қарасты «Аманкелді атындағы №19 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде дәстүрлі алғашқы қоңырау салтанатты іс-шарасы өтті.
Мерекелік жиынға мектеп ұжымы, ата-аналар қауымы, ардагер ұстаздар, оқушылар мен ауыл қонақтары қатысты. Шара Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранымен басталды.
Мектеп директоры Тулемисова Лаззат Сламханқызы, Қазыбек би ауылдық округінің әкімі Мутаев Нұрлыбек мырза, ардагер ұстаздар мен ата-аналар жылы лебіздерін білдіріп, білімнің қоғамдағы рөлі мен ұстаз еңбегінің қадір-қасиетін атап өтті.
Әсіресе, мектеп табалдырығын алғаш аттаған 1-сынып оқушыларына ерекше көңіл бөлінді. Бұл күн олардың жүрегінде мәңгі есте қалатын қуанышты сәтке айналды.
Салтанатты жиын барысында оқушылар ән шырқап, өлең оқып, өнерлерін паш етті. Шара соңында алғашқы қоңырау соғылып, жаңа оқу жылы ресми түрде ашылды.


