28
октябрь
2025
Қазақстан Республикасының Конституциясы күні
Құрметті бауырлар, ұстаздар қауымы, оқушылар, ата-аналар!
Сіздерді халқымыздың ең қастерлі мерекелерінің бірі – Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен шын жүректен құттықтаймын!
1995 жылы қабылданған Ата Заңымыз – тәуелсіз еліміздің тұғыры, мемлекетіміздің берік іргетасы. Конституция – барша қазақстандықтардың теңдігі мен құқығын қорғап, татулық пен тұрақтылықтың кепілі болып келеді.
Бүгінгі ұрпақ – осы қастерлі құндылықтарды бағалап, ел бірлігін сақтап, Отанымыздың өркендеуіне өз үлесін қосуы тиіс. Білім ордасында алған сапалы білім мен тәрбие – ертеңгі күні еліміздің дамуына қызмет ететіні сөзсіз.
Баршаңызға мықты денсаулық, отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге жеміс тілеймін! Егемен еліміздің болашағы жарқын болып, Конституциямыздың қағидалары әрқашан жолбасшы болсын!
Мереке құтты болсын!
Ізгі тілекпен:
"Аманкелді атындағы N19 ЖББМ" директоры Л.Тулемисова