"Буллингтен қорған" » Аманкелді атындағы ЖОМ
Түркістан облысының білім басқармасының
Жетісай ауданының білім бөлімі
"Аманкелді атындағы №19 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
17
сентябрь
2025

"Буллингтен қорған"

"Аманкелді атындағы N19 ЖББМ " коммуналдық мемлекеттік мекемесінде "Буллингтен қорған" тақырыбында 7 "А" сыныбында тәрбие сағаты өтілді.Сынып жетекшісі Қалықұлова Айнұр апайымыз тақырыпты кеңінен ашу үшін түрлі ситуациялық сұрақтар қойып балалардың буллинг жайлы ойларын анықтады. 
Буллинг – бір адамды  әдейі қорлау, мазақ ету, соғу, қорқыту, әлеуметтік ортадан шеттету сияқты әрекеттер арқылы психологиялық, физикалық немесе әлеуметтік қысым көрсету болып табылатынын жете түсіндірді. Салдарынан өзін-өзі бағалаудың төмендеуі, қорқыныш, күйзеліс, мектептен қашу, тіпті ауыр психологиялық жарақат алулары мүмкіндігін де айтып өтті. Оның алдын алу жолдарымен де таныстырып өтті: 
Мектепте достық атмосфера құру.
Балаларды құрметке, мейірімге тәрбиелеу.
Мұғалім, ата-ана және оқушы арасындағы ашық қарым-қатынас.
Буллинг жағдайында дер кезінде қолдау көрсету.
Не істеу керек?
Егер сен буллингке ұшырасаң – ата-анаңа, мұғалімге айт.
Басқаларды мазақ етпе, әркімді құрметте.
Досыңа қиын болса, қолдау көрсет. Жағдайдан осылайша шығу керектігін ұғындырды.
#Буллингке жол жоқ 
#әлімжеттіліктің қағидаттарына жол жоқ