28
октябрь
2025
Мектебіміздің түлегі
“Аманкелді атындағы 19 жалпы білім беретін мектеп” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің түлегі Еркебұлан Сағындық Нұржігітұлы бірнеше рет өзінің жоғары кәсібилігі мен зейінділігін, оқу-жауынгерлік тапсырмасын орындауда ынталығы мен жауапкершілігін көрсете біліп мектебімізге алғыс хатын алып келді. Отан қорғаушының әскери міндетін орындауда мектеп оқушыларымызға өзін үлгі ретінде көрсете білді. Мектеп директоры Тулемисова Ләззат ханым Еркебұланға алдағы жұмыстарына сәттілік тілеп, мемлекетіміздің атын шығарар азамат болуына сенім білдірді.
Аманкелді мектебі сенімен мақтанамыз! Білімді де тәрбиелі оқушыларымыз көп болсын! https://www.facebook.com/100022322000162/videos/pcb.3273951239436682/1125905176133738
Адал Азамат - ұстаз мақтанышы, мектеп мерейі!
"Аманкелді атындағы 19 жалпы білім беретін мектеп” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің түлегі Еркебұлан Сағындық Нұржігітұлынның атынан 91678 әскери бөлімінің атынан мектебімізге төмендегідей "Алғыс хат " келді. " Сіздің оқушыңыз қатардағы жауынгер Еркебұлан Сағындық Нұржігітұлы таулы егерлі ротасының сарбазы қызметінің барысында тәртіпті, орындаушылық қабілеті жоғары және ынталы сарбазы, Отан қорғаушының әскери міндетін орындауда үлгі ретінде көрсете білді." Міне мектебіміздің түлегі Еркебұлан ұстаздарын осындай айтулы жетістігін алғысқа бөледі. Кешегі жас түлек - бүгінгі Отан қорғаушы шәкіртіміз әскери міндетін орындауда мектептегі ізбасарларына өзін үлгі ретінде көрсете білді. Мектеп директоры Тулемисова Ләззат Сламханқызы Еркебұланға алдағы жұмыстарына сәттілік тілеп, мемлекетіміздің атын шығарар азамат болуына сенім білдірді.
Еркебұлан, біз ұстаздар - сенімен мақтанамыз! Білімді де тәрбиелі оқушыларымыз көп болсын!


